Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пәтер алуға көмек көрсетемін деген алаяқ ұсталды

Қызылорда облысында пәтер алуға көмек көрсетемін деген алаяқ ұсталды, – дееп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тұрғындарға бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырғанына қарамастан, қала тұрғындары алаяқтардың арбауына көптеп түсіп жатыр. Салдарынан, алаяқтар тұрғындарды жұмысқа орналасуға, қайтарымсыз несие алып беруге, пәтер сатып алуға, жүргізуші куәлігін және т.б. осы сияқты уәделерін үйіп-төгіп, ақшаларын жымқырып, қаншама адамдарды сан соқтырып кетіп жатыр.

Мәселен, 13 ақпан күні Қызылорда қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны келіп шағымданған. Арызданушының айтуынша, қыркүйек айында белгісіз әйел, қала аудандарының бірінде пәтер алуға көмектесемін деп сенімге кіріп, 2,7 млн теңге қаражатын алып, осы күнге дейін түрлі жалған ақпарат беріп алдап келген.

Басқарманың криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 30 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру