Қарағандылық полицейлер бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады
Қарағандылық полицейлер бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 ақпан күні полицияға 33 жастағы қала тұрғыны хабарласып, білгісіз біреу үйінен алтын бұйымдарын ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған. Жәбірленуші азаматшаға келтірілген шығын көлемі 680 мың теңгені құраған.
Оқиға орынына тексеріс жүргізу барысында, күдіктілердің жатын бөлмедегі пластикалық терезені бұзып кіргені және қалған ізден күдіктінің жалғыз болмағаны белгілі болды. Сонымен қатар ұрлық болған үйдің маңында жеңіл автокөліктің келгені анықталды.
Қарағанды қалалық полиция басқармасы, криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында аталған қылмысты жасады деген күдікпен “ізін суытпай” 38 және 39 жастағы екі азамат ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің осыған ұқсас тағыда 4 қылмысқа қатысы бар екендіктерін анықтады. Олар пәтер ұрлықтарын тек қарағанды қаласында ғана емес, оған серіктес қалаларда да жасаған.
Күдіктілер ұрлық жасаған барлық жерлерде жер үйлерге ұрлыққа түсіп, пластикалық терезелерді бұзу арқылы ол жерлерден ақша, тондар мен алтын бұйымдар әкетіп отырған. Ұрланған алтындарды ломбардқа өткізіп отырған. Жасалған ұрлықтардан келген жалпы шығын 4,5 млн теңгені құрады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.