Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейі хоккейде шебер ойнайды

Қостанай облысының полицейі хоккейде шебер ойнайды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Денисов ауданы полиция бөлімінің аға инспектор-кезекшісі Алексей Логвиненко жұмысын ойдағыдай орындап қана қоймай, жергілікті хоккей кортында жаттығуға да үлгеріп жүр.

Ол өзінің спорттық шеберлігін Қостанайда әуесқой командалар арасында өткен облыстық хоккей жарыстарында кезекті рет көрсетті, онда Денисов ауданының құрамасы біріншіліктің чемпионы атанса, ал ол өзі үздік қақпашы деп танылды.

Денисов ауданы құрамасының құрамында ол ұзақ уақыт ойнап келеді. Айта кету керек, полиция қызметкері бала кезінен хоккейге құмар.

– Мен бірінші сыныптан бастап хоккей ойнай бастадым,  бұл спорт маған ұнайды. Менің марапаттар қоржынымда 2007 жылы берілген Қостанай облысының оқушылары арасында үздік қақпашы атағы ерекше мақтанышқа ие. Жастардың біздің дәстүрімізді жалғастырып, әуесқой хоккеймен айналысқанын қалаймын. Балаларды жұмыстан бос уақытымда өзім де жаттықтыра аламын деп ойлаймын, – дейді Алексей Логвиненко.

Денисов ауылының өзінде жеті ашық хоккей алаңы бар, ол жерді Алексей өзінің пікірлестерімен бірге қыс кезінде мұз құюға көмектеседі, содан кейін мұзды қардан тазартып, тәртіпті қадағалайды.

– Жұмыс көп уақытты  қажет етеді, бірақ мен әрқашан жаттығуға уақыт табамын. Әуесқой хоккейдің, басқа спорт түрлері тәрізді сәтті дамығанын қалаймын, – деп атап өтті полиция қызметкері.

Алексей Логвиненко органда 2014 жылдан бастап қызмет етеді, жұмысын жол-патрульдік қызметте бастап, кейін кезекші бөлімге ауысқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру