Қостанай полицейлері қылмыстық жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған делдалды ұстады
Қостанай полицейлері қылмыстық жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған делдалды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған күдіктіні ұстады.
– 31 жастағы ер адам банк филиалдарының бірінің жанында қолға түсті. Онда ол дроп картасынан ақшаны шешіп алған. Тінту кезінде ер адамнан ұялы телефон және 1,9 млн теңге тәркіленді. Ол қолма-қол ақшаны азаматтардан құйтырқы әрекеттермен алған алаяқтарға бергісі келген. Ер адам өз қызметі үшін ақшаның 5%-ын алған, – деді Қостанай облысы криминалдық полиция басқармасы киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Олжас Мағыпаров.
Осы факт бойынша 190-баптың 3-бөлімі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.