Елордалық Сарыарқа ауданы полиция басқармасында халықпен есеп беру кездесуі өтті
Елордалық Сарыарқа ауданы полиция басқармасында халықпен есеп беру кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыарқа ауданды полиция басқармасы бастығы Дулат Жұмағұлов тұрғындар алдында есеп беру кездесуін өткізді. Тұрғындармен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Елдар Томашов, аудандық прокуратураның бөлім басшысы Айдос Ерғалы, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты. Елорда тұрғындары тікелей сауалдарын қойып, шағым немесе өтініш білдіре алды.
Полиция басқармасының бастығы сөзін өткен жылдағы жедел-тергеу жұмыстарының қорытындысын айтудан бастады.
2022 жылы 4325 қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстардың негізгі үлесін алаяқтық құрайды. Қоғамдық орындарда 1766 қылмыс жасалған.
Ювеналды полицияның учаскелік инспекторлары әкімдіктің өкілдерімен бірлесіп белсенді профилактикалық жұмыс атқаруының арқасында кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыс саны – 38,3%-ға төмендегені айтылды.
Қылмысты ашуға ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері “ізін суытпай” 1393 қылмыс ашылды. Іздеудегі 80 қылмыскер ұсталып, із-түзсіз жоғалған 65 адамның жүрген жері анықталды.
Жасалған қылмыстардың жалпы санының 1218-і интернет-алаяқтық. Осыған орай тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жүргізіліп жатқан алдын алу шараларына қарамастан, азаматтар интернет арқылы алаяқтардың айла-амалдарына жиі ұшырайды.
Кез келген құқық бұзушылыққа “мүлдем төзбеушілік” қағидатын жүзеге асыру мақсатында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Өткен жылы түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 14160 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аудан аумағында тұрақты негізде “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізіледі. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері ішкі істер бөлімінде профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғалармен тұрмыстық және қайталама, мас күйдегі жасалған қылмыстардың алдын алу бойынша күнделікті алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Кездесу барысында Дулат Жұмағұлов белсенділік танытқан жұртшылыққа алғысын білдірді. Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне құқық бұзушылықтың алдын алуда қоғамдық құқық қорғау құрамалары, оның ішінде консьерждер, күзет құрылымдары, қоғамдық кеңестер мен еріктілер елеулі көмек көрсетеді. Қоғаммен өзара әрекеттесу, полиция қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, қызмет көрсету үлгісіне көшу мәселелері атап өтілген. Сарыарқа ауданы аумағында құқық бұзушылықтың алдын алуға мемлекеттік органдарды ғана емес, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдарды, жұртшылықты және азаматтарды тартуды көздейтін “Қазақстандық полицияның сервистік моделі” жобасы жүзеге асырылды.
“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасының талаптары аясында азаматтардың өтініштеріне дер кезінде жауап беру мақсатында учаскелік инспекторлар чатқа қосылған. Осылайша, WhatsApp және Telegram мессенджерлеріндегі үй-ішілік чаттар өзін сәтті дәлелдеді, оның ішінде 97 мыңнан астам тұрғын бар.
Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету және полицияны шақыру үшін қызмет көрсету аймағында 6 “SOS дүрбелең батырмалары” орнатылды, бұл қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету мен қылмысқа қарсы күрес міндеттерін тиімді және сапалы шешуге мүмкіндік береді.
Баяндама аяқталғаннан кейін ПБ басшысы азаматтардан түскен барлық сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдады. Тұрғындарды уақытша тіркеу, жол қауіпсіздігі, қосымша бағдаршамдар, автотұрақтар орнату, аулалар мен аумақтарды абаттандыру және басқа да әлеуметтік мәселелер қызықтырды.
Баяндама барысында полиция қызметкерлеріне көптеген алғыстар айтылды. Тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істейтін учаскелік полиция инспекторларына тұрғындар ерекше алғыстарын білдірді.