Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері әлеуметтік желілерде өзін қыз ретінде таныстырған алаяқты ұстады

Қостанай полицейлері әлеуметтік желілерде өзін қыз ретінде таныстырған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам әлеуметтік желілерде қыз болып тіркеліп, жалған парақша ашып, жергілікті тұрғыннан емге қажет деп 3 млн теңге сұраған.

3 сәуірде Қостанайда Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Қостанай облысының 27 жастағы тумасын ұстады.

– Күдікті әлеуметтік желілер арқылы алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы жалған парақша ашып, қыздың атынан емделу сылтауымен шамамен 3 млн теңге иемденді. Танысу барысында жәбірленуші жалған қызға шамамен 5 ай көлемінде ақша аударып отырған. Полицейлер заттай дәлелдемелерді банк карталарын, SIM карталарын және ұялы телефонды тәркіледі, – деді Қостанай облысы ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Олжас Мағыпаров.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру