Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда болашақ полицейлерді мектеп табалдырығынан дайындай бастайды

Қостанайда болашақ полицейлерді мектеп табалдырығынан дайындай бастайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орта мектеп директорларымен бірлескен кеңесте Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк балалардың жарақаттануын азайту және жол қауіпсіздігінің алдын алу шараларын сақтаудың маңыздылығына назар аударды.

Сондай ақ іс-шарада Қостанай облысында тәртіп сақшыларының халықпен жұмыс жасауда жаңа тәсілдерді қарастыратын үлгілі полиция мәдениетін қалыптастыру тұжырымдамасының жобасы таныстырылды.

– Тұжырымдама Қостанай облысы полицейлерінің этикалық және адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың бастапқы нүктесі, құралы ретінде қызмет етуге арналған. Оны іске асыру қазіргі заманғы талаптар мен халықаралық стандарттарға сай келетін кәсіби полиция құруға, азаматтардың сенімін нығайтуға, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Алексей Милюк.

Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары тұжырымдама шеңберінде Қостанай облысының мектептері арасында конкурс өткізілетінін айтты. Оның қорытындысы бойынша Қостанай облысы ПД олардың ең жақсысына басымдық береді. Оқу орны мектеп оқушыларының полиция қызметкерінің жұмысы туралы білуі үшін барлық қажетті заттармен қамтамасыз етіледі. Осылайша, оқушылар осы мамандықты таңдауға мүдделі болады. Бұл кадрлық рекрутинг әдістерін өзгертуге мүмкіндік береді.

Тұжырымдама аясында көптеген бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Оған тәртіп сақшыларын оқытудың, жеке құраммен жұмыс істеудің жаңа нысандары енгізілген. Құжаттың үлкен блогы жұмыстың сервистік моделін енгізуге және «Полицияның қадамдық қолжетімділігі» қағидатын іске асыруға арналған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру