Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ҚАЖД апталығы өтіп жатыр

Алматы облысында ҚАЖД апталығы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаменті мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандар өндіретін бұйымдардың көрмесін ұйымдастырды.

Көрме Қонаев қаласының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының базасында ағымдағы жылдың 5-13 сәуір аралығында өткізіліп жатыр.

Алматы облысымен Қонаев қаласының тұрғындары сотталғандардың эксклюзивті және қолдан жасалған бірегей бұйымдарын көріп, сондай-ақ оларды өндірушілерден тапсырыс бере алады.

Сонымен қатар қонақтар колонияның өнеркәсіптік аймақтарында өз бизнесін ашу туралы толық ақпарат алуға мүмкіндіктері бар.

– Аталған іс-шараның негізгі мақсаты Алматы облысы бойынша және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерінде шағын және орта бизнес ашу үшін кәсіпкерлерді тарту болып табылады, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Руслан Ғабибов.

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы, департаменттің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Сандуғаш Ереулиева және мекеме қызметкерлері көрмеде колонияларда өндірілетін өнімнің мүдделерін білдіріп, колонияның өнеркәсіптік аймақтарында бизнес ашу мүмкіндігі туралы толық ақпарат береді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірлік ҚАЖД-ға 6 мекеме ведомстволық бағынысты, оның 4-уі Заречный кентінде және 1-уі Алматы облысының Жауғашты кентінде, тағы 1-уі Талдықорған қаласында орналасқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру