Қостанай облысында 59 жас қызметкер ант қабылдады
Қостанай облысында 59 жас қызметкер ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 сәуір күні Қостанай облысы ПД бөлімшелерінде жазғы киім нысанына көшуге арналған гарнизондық сап түзеу өткізілді. Шара барысында салтанатты түрде Отанға қызмет етуге ант берген жас полиция қызметкерлері ант қабылдады.
Олардың арасында патрульдік полицияда қызмет ете бастаған қатардағы жауынгер Әмір Тунусов бар.
– Менің отбасымда ағам полиция қызметкері болды. Оның еліне қызмет етуге деген ұмтылысы мамандық таңдауға әсер етті. Мен үшін азаматтардың құқықтарын қорғау, заңды сақтау және қызметтік борышын орындау-өз елінің азаматы ретінде маңызды миссия, – деп атап өтті Әмір Тунусов.
Жас полиция қызметкері құқық қорғау органы саласына келмей тұрып әскерде қызмет етіп, арнайы орта білім алған. Қазіргі уақытта жоғары оқу орнына түсті.
Тағы бір жас қызметкер Елубай Ерболат мектепті бітіргеннен кейін бірден полиция мамандығын таңдаған. Себебі оқу орнында тәртіп сақшылары оқушылармен жиі дәрістер мен кездесулер өткізіп тұрған.
Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев кез келген полицей үшін басты қасиеттер, ең алдымен, өз Отанына деген сүйіспеншілік, жоғары сана және өз борышын орындау үшін жауапкершілік сезімі екенін атап өтті. Сіздер ішкі істер органдарына қызметке келдіңіздер. Жауапты, қиын, бірақ мәртебесі жоғары жұмысты таңдап, полиция қызметіне жұмысқа тұрдыңыздар. Бұл жол сізден шыдамдылықтыжәне ең бастысы адамгершілікті талап етеді.
Бұл күні облыста 59 полиция қызметкері ант қабылдады. Салтанатты бөлімнің соңында облыс ПД жеке құрамы салтанатты шерумен жүріп өтті.