Шымкентте өзгенің автокөлігінен ақша ұрлаған азамат анықталды
Шымкентте өзгенің автокөлігінен ақша ұрлаған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 сәуір күні Әл-Фараби АПБ-ның «102» арнасына Шымкент қаласының тұрғыны шағымданған.
Ол өз арызында, Шымкент қаласының азық-түлік дүкенінің бірінде, белгісіз тұлға өзіне тиесілі дүкеннің ауласында тұрған Chevrolet маркалы автокөлігінен 182 мың теңгесін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.