Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер дұрыс тамақтанудың жалған сатушысын анықтады

Қостанайлық полицейлер дұрыс тамақтанудың жалған сатушысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Anti-fraud» жедел алдын-алу іс-шарасының бірінші күнінде Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Қостанай қаласының полиция басқармасымен бірлесіп, Қостанай қаласының аумағында дұрыс тамақтануды жүзеге асырған алаяқ анықталып, ұсталды.

– 26 жастағы ер адам инстаграмдағы әлеуметтік желіде дұрыс тамақтануды жеткізетін парақша ашқан. Тұтынушылардан алдын-ала төлем немесе толық төлем алғаннан кейін олармен  байланысқа шықпаған. Полицияға осы уақытқа дейін жалған сатушының қолынан зардап шеккен екі адам жүгінді. Бірақ зардап шегушілердің саны одан да көп болуы мүмкін. Сондықтан егер сіз осы алаяқтың қолынан зардап шеккен болсаңыз, Қостанай қаласының ПБ-ға хабарласуыңызды сұраймыз, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Олжас Мағыпаров.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді.

Полиция азаматтарға әлеуметтік желідегі жарнамаға сенбеу және бейтаныс азаматтарға ақша аудармау туралы кезекті мәрте ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру