Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полиция қызметкері суға батып бара жатқан балықшыны құтқарып қалды

Қостанай облысында полиция қызметкері суға батып бара жатқан балықшыны құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Лисаков қаласының учаскелік полиция инспекторы Данабек Игімбердиев «Уылдырық» жедел алдын алу шарасы аясында патрульдеу кезінде Тобыл өзенінде суға батып бара жатқан адамды көрген. Ол еш ойланбастан оған көмекке асығып, адамды қауіпсіз жерге шығарған.

Василий Буковский, бұл күні өзенде балық аулауға шешім қабылдаған. Мұз тым жұқа болғандықтан жарылып, ол суға бата бастаған. Абырой болғанда, учаскелік полиция қызметкері дәл сол жерде болған.

– Суға батып бара жатқан адамды көріп, бірден көмекке жүгірдім. Су мұздай суық болды. Балықшы жағадан төрт метрдей қашықтықта болды. Мен оған қарай жүзе бастадым, жағаға шығардым. Маған да, балықшыға да медициналық көмек қажет болмады. Себебі, барлығы бірнеше минут ішінде болды, – деді Данабек Игімбердиев.

Василий Буковский полиция қызметкеріне алғысын білдірді. Кейінірек ол суға батып бара жатқан кезде дауыстап айқайлай алмағанын айтты. Өйткені температураның күрт өзгеруіне байланысты дыбыстық байламдардың спазмы болған.

– Полицейдің мені өзі көріп, құтқарып қалды. Әйтпесе мен суға батып кетуім мүмкін еді, – деді Василий Буковский.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінде Данабек Игімбердиев ішкі істер органдарында 15 жылдан астам қызмет етіп, бұл учаскіде 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Осы уақыт ішінде ол азаматтарға көмек көрсетіп келеді. Оның атына бірнеше рет азаматтардан қызметтік борышын адал орындағаны үшін алғыс хаттар келіп түскен.

Қостанай облысының полиция департаменті «Уылдырық» науқаны өңірде 5 сәуірден басталып, 1 маусымға дейін жалғасатынын атап өтті. Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері полицейлер балық аулау ережелерінің 27 бұзушылығын анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру