Дүкеннен 10-нан астам телефон жымқырған мақтааралдық тұрғын анықталды
Дүкеннен 10-нан астам телефон жымқырған мақтааралдық тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз шағымында белгісіз біреу түнгі уақытта дүкеннің есігін бұзып, сатылымда тұрған 10-нан астам телефонды ұрлап кеткенін көрсеткен.
Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.
Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Сонымен қатар дүкендегі және оған жақын аймақтардағы бейнебақылау камералары жіті қаралды.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсті. Ол Мақтаарал ауданының жұмыссыз тұрғыны, жас қыз болып шықты. Бойжеткеннен телефондар тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.