Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-да ашық есік күні өтті
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаменті кәсіпкерлерге арналған ашық есік күнін ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде өндіріс орындарын және жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ сотталғандардың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында кәсіпкерлер үшін ашық есік күні өткізілді.
ҚАЖД бастығының орынбасары Руслан Ғабибовтың басшылығымен іс-шараға СЕҰТ бас маманы Сандуғаш Ереулиева, Заречный ауылдық округі әкімінің орынбасары Қанат Жолболдин, «Еңбек-Жауғашты» ФГП директорының орынбасары, кәсіпкерлер палатасы мен «Атамекен» өкілдері, облыс әкімдігінің қызметкерлері, сондай-ақ шағын және орта бизнес кәсіпкерлері қатысты.
Кәсіпкерлер үшін жұмыс істеп тұрған объектілер мен бос үй-жайларды аралау, сондай-ақ мекемелер аумағында өндірілетін өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды.
Өнеркәсіптік аймақтарды аралағаннан кейін №10 мекеме базасында дөңгелек үстел өткізілді.
– Бүгінгі таңда мекемелер аумағында 30-дан астам бизнес нысандары жұмыс істейді. Осындай іс-шараларды өткізу күндері әрбір адам өндірістің сапасы мен мүмкіндіктерін жеке бағалай алуы үшін мекеме аумағының жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары дайындаған дайын өнімнің көрмесі ұйымдастырылады, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Руслан Ғабибов.