Түркістан облысында танысына сенген тұрғын 2 млн теңгесінен айырылды
Түркістан облысында танысының жұмысқа орналастырып беремін деген сөзіне сенген тұрғын 2 млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Келес ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданған. Ол өз арызында өзінің танысы мектепке жұмысқа орналастырып беремін деп сеніміне кіріп, алдын ала шамамен 2 млн теңге алып, бір жыл бойы алдап келгенін айтқан.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.
Тәртіп сақшылар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ретінде жергілікті тұрғынды анықтап, полицияға жеткізді. Белгілі болғандай, күдікті әйел алған ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.