Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алакөлде заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды

Алакөлде заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу полицейлері өңірдің балық шаруашылығы инспекторларымен бірлесіп Алакөл көлінің бассейнінде браконьерлікпен айналысқан 44 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған адам көрші Абай облысының тұрғыны болып шықты, одан тәртіп сақшылары 30 келі заңсыз ауланған көксерке балығын тәркіледі.

– Мемлекетке келтірілген залал 400 мың теңгеден астам. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабында (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) көзделген қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақ ретінде дараталшық тор мен моторлы қайық іске қоса тіркелді, – деді табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Балық сату үшін қабылдау пунктіне пунктіне өткізілді, одан әрі жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру