Қостанайлық полицейлер «Құқықтық тәртіп» ЖААІШ аясында 12 қылмысты ашты
Қостанайлық полицейлер «Құқықтық тәртіп» ЖААІШ-тың бірінші күні 12 қылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 сәуірден бастап облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық іс-шарасы басталды. Құқықтық тәртіп сақшылары, әскери қызметшілер мен еріктілер елді мекендерді, әкімшілік учаскелерді және саяжай массивтерін патрульдеуге көп көңіл бөледі.
Сондай-ақ ЖААІШ шеңберінде елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау, есепке алынатын адамдарды бақылау бойынша жұмыс көзделген.
– «Құқықтық тәртіп» ЖААІШ өткізу барысында мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Бірінші күні Қостанай мен Рудныйда 12 қылмыс, бұрын жасалған 2 қылмыс ашылды. Іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды. Есірткі заттарын сақтау мен өткізудің 2 дерегі анықталды, – деді Марат Сахратов.
Бұдан басқа, полицейлер тұрғын үй массивін аралап, жалға берілетін пәтерлерді, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған 1500-ден астам адамды тексерді. Облыстағы «Құқықтық тәртіп» ЖААІШ 28 сәуірге дейін жалғасатын болады.