Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жол ережесін бұзған жүргізушілер ұсталды

Абай облысында жол ережесін бұзған жүргізушілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлерімен ЖПІШ кезеңінде автобустардың техникалық жай-күйіне және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылады.

“Автобус” жедел-профилактикалық іс-шара басталған кезеңде автобус жүргізушілері жасаған 18 бұзушылық анықталды, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) бойынша жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 28 фактісі анықталды.


Семей қаласының полиция басқармасы автобус жүргізушілерінің назарын ҚР жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жолаушыларды тасымалдауға қойылатын талаптарды қатаң сақтауда аударады. Сонымен қатар олар жүргізушілерге жолдарда ерекше қырағылық танытуды, жол ережелерін қатаң сақтауды және алыс сапарларға шықпас бұрын машинаның техникалық жағдайын тексеруді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру