Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Автобус” ЖПІШ: Түркістанда 30-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Түркістанда “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы тәулігінде 30-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3-5 мамыр аралығында Түркістан облысының аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын қоғамдық көлік жүргізушілердің құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Тексеру кезінде тәртіп сақшылары жолаушылар көлігінің жүргізушілерін бақылап, олардың жол жүру ережелерін сақтауына және автокөлікті техникалық байқаудан өткізуіне ерекше көңіл бөлді.

Түркістан қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Автобус” іс-шарасының алғашқы тәулігінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 35 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 5 жүргізуші, заңсыз қайта жабдықтағаны үшін – 2, техникалық байқаудан өтпегені үшін – 3, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 9, ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін – 3 және көлік құралын мас күйінде басқарған бір жүргізуші анықталып шара көрілді. Сондай-ақ екі көлік айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру