Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері ІІО ардагерін мерекемен құттықтады

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері ІІО ардагерін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күнің мерекелеу қарсаңында пробация қызметінің жас қызметкерлері пробация қызметінің ардагері – Еркін Әмірхасеновке барып, оны алдағы мерекемен құттықтады.

Еркін Аймұхамбетұлы 1969 жылы 25 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін туған Тарбағатай совхозында жұмыс істеді. Содан кейін 1987 жылы Алматы зоотехникалық институтына зоотехник мамандығына оқуға түскен. Одан әрі 1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде Зооинженер” мамандығы бойынша бітірді. Кеңес әскерінің қатарында қызмет еткеннен кейін Еркін Аймұхамбетұлы Жамбыл ауылында совхозда еңбек етті.

Бірақ 1996 жылға дейін Тарбағатай ауданында жұмыс істегеннен кейін біздің ардагер әрі қарай даму қажет екенін түсінді. Ол Көкпекті ауданына көшіп, тағдырын ішкі істер органдарымен байланыстырды. Осы саладағы 13 жыл ішінде ол аудандық полиция бөлімінде де, қылмыстық-атқару жүйесінде де жұмыс істеді. Сондай-ақ ол Шығыс Қазақстан өңірлік университетін “Құқықтану” факультетін бітіріп, “Заңгер” мамандығын алды. 2009 жылы Еркін Аймұхамбетұлы еңбек сіңірген демалысына шығып, қазір күні ол Көкпекті ауылдық округі әкімдігінде бас маман болып жұмыс істейді және ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласады.

– Оқу мен жұмыс істеу ешқашан кеш емес, әр адам өмірде кім және қашан болу керектігін және өз жолын табуды өзі анықтайды, – дейді ардагер.

Айта кету керек, Еркін Аймұхамбетұлы бұрынғы әріптестерімен және пробация қызметінің жас қызметкерлерімен жиі араласып, әрқашан кездесулерге ашық және жастармен өзінің тәжірибесімен бөлісіп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру