Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны заңсыз балық аулаған

Павлодар облысының тұрғыны заңсыз балық аулаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 сәуірден бастап Павлодар облысының дала және тұщы су айдындарында, Ертіс өзенінде, жайылмалы су айдындарында балық аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынды. Павлодар өңірінде балық уылдырық шашу, су жануарларын заңсыз өндіру, объектілер мен биологиялық ресурстар өнімдерінің заңсыз айналымы кезеңінде браконьерлік фактілерінің жолын кесу,
браконьерліктің алдын алу мақсатында полицейлер алдын алу рейдтерін жүргізеді. Бүгінгі таңда Павлодар облысында табиғатты қорғау полицейлері табиғат қорғау заңнамасының 50-ден астам бұзушылығын анықтады.

Мәселен, “Уылдырық” акциясы барысында 26 сәуірде сағат 20.20-да Қаныш Сәтбаев атындағы каналда Ақсу қаласының Қалқаман ауылының жанында полиция қызметкерлері 56 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Ол каналда балық аулау үшін ұзындығы 50 метр болатын қытайлық балық аулау ауын орнатқан. Айта кету керек, Қытайда өндірілген моноауларды балық аулау кезінде пайдалануға тыйым салынады.

– Сондай-ақ тәртіп сақшылары 2,3 келі алабұға мен торта балығын тәркіледі. Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал сотқа жіберілді, – деді Павлодар облысы Ақсу қаласы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Арман Рақметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру