Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоқ мотоциклді сатқан алаяқтар ақмола тұрғынын банктен несие алуға мәжбүр еткен

Жоқ мотоциклді сатқан алаяқтар ақмола тұрғынын банктен несие алуға мәжбүр еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 мамыр күні Зеренді ауданының полиция бөліміне жақын маңдағы кенттердің бірінің тұрғынынан алаяқтық дерегі туралы арыз келіп түсті. Ер адам 29 сәуір күні белгісіз адам Instagram қосымшасында өзіне тиесілі 350 мың теңгесін алаяқтық жолмен иемденгенін хабарлады.

Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, ол Instagram әлеуметтік желідегі парақшада әйгілі брендтік мотоциклді сатып алмақ болған.

Көлік құралын сатып алу үшін ер адам жалған сатушының нұсқауларын орындап, банкте бөліп төлеуді рәсімдеген, ал ақша үшінші тұлғаның шотына түскен, ақша аударылғаннан кейін алаяқ сатып алушымен байланысын тоқтатқан.

Осы дерекке қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтыққа қатысы бар адам анықталды. Өзге тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру