Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да түзеу мекемелерінде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша форум өтті

ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімімен Өскемен қаласының кәсіпкерлер палатасымен форум ұйымдастырылды. Кездесуде жақын арада бірлескен іс-шаралар жоспары талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өзекті тақырыпты талқылауға ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Марат Сейтахметов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Алия Мукашева, қадағалау органының қызметкерлері, «Еңбек-Өскемен» РМК өкілдері, сондай-ақ ірі және шағын бизнес кәсіпкерлері қатысты. Әңгімелесу алаңында ШҚО түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша бірқатар мәселелер қаралды.

Сондай-ақ өндірістерді колониялар аумағында орналастырған шағын және орта бизнестің өндірістік қуаттарын жүктеу, өндірісті дамыту, жеңілдікпен кредит беру, кәсіпкерлер үшін өнім сапасы сертификатын алу. Осылайша, сотталғандардың түзеу мекемесінен босатылғаннан кейін еңбек тәжірибесін алуға және одан әрі жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар.

Бүгінгі таңда өңірде сотталғандардың 47%-ы жұмысқа орналастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сотталғандарды ақылы еңбекпен ұлғайту мақсатында мекеме әкімшіліктері шағын және орта бизнес субъектілерін тарту бойынша жұмыстар жүргізіп келеді. Олар үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Атап айтқанда: тегін өндірістік алаңдар, тұрақты жұмыс күші, тамақтануға шығынның болмауы және қорғалатын аймақ.

– Мұндай форумдар – түзеу мекемелерінің қызметкерлері мен кәсіпкерлердің өзекті тақырыптарды талқылай алатын, сондай-ақ сотталғандарды жұмысқа орналастыруды іске асыру бойынша көптеген мәселені шеше алатын жемісті алаң, – деп қорытындылады ҚАЖД бастығының орынбасары Марат Сейтахметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру