Полицейлер талдықорғандық оқушыларға қызметтік-іздестіру иттердің шеберлігін көрсетті
Полицейлер талдықорғандық оқушыларға қызметтік-іздестіру иттердің шеберлігін көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлықтың аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кинологтармен және ювеналдық полиция инспекторларымен бірлесе отырып, оқу орындарының оқушыларына кинологиялық қызмет орталығына экскурсия ұйымдастырды.
Кинологтар балаларға полицияда қызмет атқаратын иттердің қатысуымен қойылым ұйымдастырды. Кинологиялық орталықтың аяқты сақшылары есірткі мен жарылғыш заттардың әртүрлі түрлерін анықтау, сонымен қатар ведомство қызметкерлерінің бірі қылмыскердің рөлін ойнап, оны ұстау және айдауылдау процессі көрсетілді. Иттер КҚО жаттығу полигонының аумағында өз тәлімгерлерінің командаларын сөзсіз орындады.
Ағымдағы жылы облыстық кинологиялық орталықтың қызметтік-іздестіру иттері 60-қа жуық қылмыстың ашылуына ықпал етті. Оның ішінде бір кісі өлтіру, сонымен қатар есірткі қылмыстары мен ұрлық та бар.