Абай облысында жалған чекпен сатушыны алдаған алаяқ ұсталды
Абай облысында жалған чекпен сатушыны алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Орталық ПБ кезекші бөліміне коммерциялық қызметпен айналысатын қаланың 40 жастағы тұрғыны жүгініп, қаладағы сауда үйлерінің бірінде тауар алғаннан кейін клиенттің төлемі оның шотына түспегендігін хабарлаған.
Жауап алу барысында 34 жастағы әйел төлем түбіртегін қолдан жасап көрсетіп, сатушыны алдап және сенімін асыра пайдалану арқылы 17 500 теңге тұратын әйелдер джинсы шалбарын иеленгені анықталды.
Күдікті кінәсін толық мойындады.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.