ҚР ІІМ-нің кубогы үшін құқық қорғау және арнайы органдардың командалары бақ сынады
ҚР Ішкі істер министрінің кубогы үшін құқық қорғау және арнайы органдардың командалары бақ сынады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Турнир «Динамо» стадионында «Динамо» ФСО қолдауымен өтті.
Шағын футболға 17 команда – 170 қатысушы қатысты.
– Кең ауқымды спорттық шараға Қазақстанның мақтанышы – халықаралық ойындардың жеңімпаздары, сондай-ақ отандық спорт ардагерлері қатысты. Ішкі істер министрінің кубогы үшін турнир өткізу біз үшін үлкен мәртебе. Барлық уақытта дене шынықтыру және спорт полиция қызметкерлеріне жедел және қызметтік міндеттерді табысты орындауға ықпал ететін жаңа дағдыларды меңгеруге көмектеседі. «Динамо» алаңындағы мұндай кездесулер дәстүрге айналып, бүгінгі ойын өте жарқын әрі оқиғаға толы болатынына сенімдімін. Турнирге қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша:
І орынды ҚР ІІМ-нің құрама командасы, ІІ орын «Динамо» командасына иеленді, ал ІІІ орын ҚР ІІМ Ұлттық ұлан командасына бұйырды.
Турнирде ерекше көзге түскен қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді.
Барлық қатысушыларды, жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!