Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жастар есірткіге қарсы”: атыраулық полицейлер стритлифтингтен сайыс өткізді

Атырау облысында 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында 26 мамыр және 26 маусым аралығында 30 күндік республикалық айлық өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыған орай, атыраулық полицейлер облыстық білім басқармасына қарасты мектептер мен колледждерде тақырыптық дәрістер, тренингтер, семинарлар және тағы да басқа іс-шараларды өткізу ісін қолға алды.

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Бұқаралық спортты дамыту спорт клубы мекемесімен бірлесіп, Қ.Смағұлов алаңында Атырау қаласының аула клубтары арасында нашақорлыққа қарсы 18 жасқа дейінгі және 18 жастан жоғары жастар арасында стритлифтинг қос сайыста турник және брусья жарыс турнирін өткізді.


Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі және басқа да зиянды әдеттерге қарсы иммунитетті қалыптастыру. Сайыс қатысушыларына Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Джангалиева нашақорлықтың зияны мен заңсыз айналымына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтың жауапкершілігі туралы кеңінен ақпарат берді.

Шара соңында сайысқа қатысушы жастарға Атырау облысы ПД бастығы Нұрхат Оразбаев атынан арнайы диплом, медальдар және арнайы естелік сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру