Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық студенттер кинологиялық қызметтің төрт аяқты көмекшілерінің қойылымдарын тамашалады

Салауатты өмір салты – нашақорлыққа қарсы екпе ретінде Жамбыл облысында ауқымды есірткіге қарсы айлық шеңберінде өткізілетін кездесулердің басты месседжі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті кездесу Жамбыл жоғары медициналық колледжінде өтті. Оны есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Полиция қызметкерлері есірткі мен синтетикалық есірткіні қолданудың зияны мен салдары туралы айтты. Студенттермен және педагогтармен полицейлер нашақорлыққа қарсы күрес шараларын, есірткі заттарын өткізу мен таратқаны үшін жазаларды талқылады.

Студенттер сондай-ақ облыс ПД кинологиялық қызметі қызметкерлерінің төрт аяқты көмекшілерінің қойылымдарын тамашалады.

– Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған айлықтың аясында Жамбыл облысында оқушылар мен студенттердің қатысуымен бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Негізгі мақсат-нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу, есірткі тұтынудың зияны және есірткі қылмысын жасағаны үшін жауапкершілік туралы халықтың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын белсенді насихаттау, – деді облыс ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру