Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Ақмола облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын Ақмола облысында полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектесетін белсенді тұрғындардың саны артып келеді. Бұл – азаматтық қоғамның полицияға деген сенімінін артуы.

Мәселен, 30 маусым күні Қосшы қаласының полиция басқармасына белгісіз адамнан Республика көшесі бойында Mazda-626 автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде көлік тізгіндегені туралы хабарлама келіп түсті.

Берілген мәліметтер бойынша полицейлер осы көшедегі барлық бейнекамераларды қадағалап, Астана қаласының 41 жастағы алкогольдің ерекше иісі бар тұрғынын ұстады. Медициналық қорытындыға сәйкес, жүргізуші «орташа» дәрежеде мас болғандығы анықталды. Сондай-ақ 2022 жылы ер адам өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы белгілі болды.

Ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Полиция қызметкерлері азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымы және көшелерде құқықтық тәртіпті сақтауға көмектескені үшін алғыс білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру