Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық кейуана алаяқтың қулығына тап болды

Елордада 83 жастағы кейуана алаяқтың қулығына тап болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтықтың құрбаны болған елорда тұрғыны полицияға арызбен жүгінді. Зейнеткердің айтуынша, белгісіз біреулер одан 1 млн 300 мың теңге көлемінде қаражатын алып алған. Күдіктілер оған қоңырау шалып, қызының апатқа ұшырағанын және полицияда екенін, мәселені шешу үшін шұғыл түрде ақша беру керек деп хабарлаған.

83 жастағы әжеге сағат 17:00-де үй телефонына жылаған дауыспен қызы болып қоңырау шалып, оның қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғанын хабарлады. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалмауы үшін ақша қажет екендігін айтқан. Содан кейін ер адам телефонды алып, қазір оған ақша беру керек жүргізуші келетінін мәлімдеген. Әңгіме аяқталғаннан кейін ол барлық ақшаны асығыс жинай бастаған. 1 млн теңгеден астам қаражат жинап, ол оларды келген адамға берген.
Кейін есіне түсіп, қызының жақсы екенін және ол алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, әйел полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер 37 жастағы ер адамды анықтады.
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы тексеріледі.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға мәліметтің анық қанығына көз жеткізбей, дүрбелеңге берілмеу және бейтаныс адамдарға ақша бермеу туралы ескертеді. Полицейлер қарияларға осындай жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі туралы түсіндіруді ұсынады. Егер сіз заңсыз әрекеттердің құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарлау қажеттігін ескертеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру