Елордада құны 500 мың теңгеден асатын скутерді иеленіп, онымен көше кезген тұрғын ұсталды
Елордада құны 500 мың теңгеден асатын скутерді иеленіп, онымен көше кезген тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорда тұрғыны полицияға М8 49 СС маркалы скутері жоғалып кеткендігі туралы өтініш білдірген. Оның айтуынша, Е-753 көшесінде орналасқан үйінен шыққан кезінде аулада тұрған екі дөңгелекті көлігін таппай қалған. Ал келтірілген залал 520 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларына дереу кіріскен тәртіп сақшылары, заңсыз иемденген скутермен көше кезіп жүрген, 18 жастағы астаналық жас жігітті қолға түсірді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұсталған жас жігіттің елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығының бар-жоғы тексеріліп жатыр.Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, көлік құралын қараусыз мүлдем қалдырмауға ескертеді.