Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД-да қоғам арасынан психологтарды тарту тәжірибесі қолданылатын болады

Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетовтың және азаматтық психологтардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының пікірінше, бұл тәжірибе полиция қызметкерлерінің мінез-құлық стандарттарын қалыптастыруға, кәсіби және адамгершілік тәрбие жүйесінде озық әдістерді қолдануға, мінез-құлықты реттеуге, қызметті бағалау мен бақылауға, жас полиция қызметкерлерін жаңа ортаға біріктіруге көмектеседі.

– Қазіргі уақытта полиция жұмысында қолданылатын психологиялық білім мен технологиялардың өзектілігі қызметкерлердің кәсібилігін арттырады. Әсіресе төтенше жағдайларда, жанжалдарды шешуде және коммуникативтік дағдыларды жетілдіруде, – дейді Ардана Саймағамбетов.

Қоғамдық сарапшылар әртүрлі тәжірибелерді қолдану туралы өз пікірлерімен бөлісті. Әсіресе моральдық тұрғыдан ғана емес, полиция функцияларын орындау үшін қажет ерекше талаптарға жауап беретін лайықты қызметке үміткерлерді таңдау кезінде. Бұл тыңғылықты ойластырылған және жақсы реттелген рекрутингтік процедурасын қажет етеді.

Полиция жұмысының қызметтік моделін қалыптастыру үшін күрделі және серпінді әлеуметтік саладағы өз жұмысын түсіну, әлеуметтік-ұйымдастырушылық дағдыларды дамыту, полиция мен халықтың үйлестірілген өзара іс-қимыл жасау сияқты дағдылар маңызды.

– Қызметкерлер үшін тәжірибеде қолданылатын психологиялық тренинг бағдарламаларының көпшілігі арнайы курстарға, семинарларға және сараланған сипаттағы тренинг сабақтарына негізделуі тиіс, – дейді ПД психологы Дамира Мекебаева.

Іс-шара қорытындысы бойынша ПД персоналын, оның ішінде басшыларды оқыту процесіне азаматтық психологтарды тарту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру