Жамбыл облысының полицейлері тұрғынға жоғалған жылқыларын тауып берді
Жуалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 47 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, 46 жылқысының ұрланғаны жайлы арыз қалдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбылдық 14 полиция қызметкері шағым түскеннен соң, жайылымда жоғалған жылқыларды іздеп, жақын маңдағы барлық аумақтарды тексеріп, көруі мүмкін деген куәгерлерді сұраққа алды.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері ешкім ұрламаған малды іздеумен айналысқаны белгілі болды. Жылқылар жоғалып кеткен. Жылқылар жайылымның басқа жақ бетінде жайылып жүрген жерінен табылды. Полиция қызметкерлері малды заңды иесіне қайтарды. Ауыл тұрғындары шұғыл шаралар қабылдап, жоғалған малды жедел тапқан полицейлерге алғыс білдірді.
Полиция қызметкерлері барлық мал иелеріне ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін қатаң сақтау қажеттігін, сондай-ақ малды қадағалаусыз жіберу малдың ұрлануына немесе жануарлардың өз бетінше кетуіне қолайлы жағдай жасайтынын ескертеді. Қараусыз өз бетінше еркін жайылған жүйіткіген көлік жолына шықса, салдары ауыр зардапты жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін.