Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД-ның бірнеше аумақтық бөлімшелерінің басшылары ауысты

ШҚО ПД-ның бірнеше аумақтық бөлімшелерінің басшылары ауысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінде аумақтық бөлімшелердің басшы құрамын кадрлық тағайындау жүргізілді: Нұржан Түгелов Самар ауданы полиция бөлімінің бастығы, Қуаныш Қонжанов Ұлан ауданы полиция бөлімінің бастығы, Жандос Кошкинчинов Күршім ауданы полиция бөлімінің бастығы, Серік Манапов Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Бөлімшелердің жаңа басшыларын жеке құрамға ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков таныстырды.

Түгелов Нұржан ішкі істер органдарында 1993 жылдан бері, негізінен криминалдық полиция бөлімшелерінде 30 жылдан астам қызмет етіп келеді. Ол қызметін патрульдік полиция сержанты болып бастаған. Үржар АПБ, Семей қаласы ІІБ-да басшылық лауазымдарды атқарды, Көкпекті, Зайсан, Жарма, Аягөз АПБ-ның басшысы болды. Тағайындалғанға дейін Шемонаиха АПБ басшысы қызметін атқарды.


Қонжанов Қуаныш ішкі істер органдарында 1995 жылдан бері қызмет етіп келеді. Негізінен криминалдық полиция бөлімшелерінде жұмыс істеген. Күршім АПБ, ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/22 мекемесі, тылды қамтамасыз ету басқармасы, Согра ПБ, Жарма АПБ және Солжағалау ПБ бастығы басшылық қызметтерін атқарды. Тағайындалғанға дейін Самар ауданы ПБ бастығы қызметін атқарды.

Кошкинчинов Жандос ішкі істер органдарында 2001 жылдан бері қызмет етіп келеді. Криминалдық полиция бөлімшелерінде және жергілікті полиция қызметінде жұмыс істеді. Жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бастығы, жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарған. Тағайындалғанға дейін Алтай ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Манапов Серік ішкі істер органдарында 1992 жылдан бері қызмет етіп келеді, негізінен тергеу бөлімшелерінде қызмет атқарған. ҚР ІІМ Өскемен әскери-тергеу басқармасының бастығы, ШҚО ПД анықтау басқармасының бастығы лауазымдарын атқарған. Тағайындалғанға дейін Күршім АПБ бастығы қызметін атқарды.

– Полицияның кадрлық әлеуетін қалыптастыру қоғамдық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бөлігіндегі негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Бүгін бұйрықпен төрт аумақтық полиция бөлімінің басшылары тағайындалды, оларға Мемлекет басшысы мен ішкі істер министрінің барлық тапсырмаларын орындау бойынша жауапкершілік жүктелді, – деп атап өтті Ерлан Омарбеков.

Өңірдің бас полицейі тағайындалған басшыларға нақты тапсырмалар берді.

Сеніп тапсырылған бөлімшелерде қауіпсіздікті нығайтуға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, қызметтің ашықтығы мен жариялылығына баса назар аударуға, халықтың құқық қорғау органының жұмысына деген сенім деңгейін арттыруға, сондай-ақ тәртіпті, заңдылықты мүлтіксіз сақтауға және азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру