Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада мас күйінде мотоцикл тізгіндеген жүргізуші көлікпен соқтығысты

Елордада мас күйінде мотоцикл тізгіндеген жүргізуші көлікпен соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Апаттылықты азайту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында елордалық полиция жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың жолын кесу, көлік құралдарын мас күйінде басқаратын жүргізушілерді анықтау жұмыстарын жандандырып жатыр.

«Мас жүргізуші – қылмыскер!» атты жедел-профилактикалық іс шаралар үнемі жүргізіліп тұрады.

4 күн ішінде жергілікті рейдтік іс-шаралар барысында 25-ке жуық жүргізуші медициналық куәландыру жүргізу үшін Астана қаласының наркология және психотерапия орталығына жеткізілді. Оның ішінде мас күйінде басқару құқығынан айырылып, көлік құралын басқарғаны үшін ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша 1 жүргізуші, ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 4-бөлігімен (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) медициналық куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін екі жүргізуші, жауапкершілікке тартылды.

Коммуналдық тұраққа 22 автомашина және 5 мотоцикл қамалды.

Сағат 09:00 шамасында 21 жастағы жүргізуші мас күйінде, Yamaha маркалы мотоциклін басқара отырып, көлік құралын басқару құқығына ие бола алмай, Әл-Фараби көшесімен Қошқарбаев даңғылына қарай жүріп келе жатып, қажетті қашықтықты сақтамай, Opel Omega автокөлігімен соқтығысуға жол берді. ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды.

Астана қаласының полиция департаменті автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауды, көлік жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде жүргізушілерге көлік жүргізбеуді ескертеді.

Жүргізушілердің заңсыз мінез-құлқына куә болған азаматтар, атап айтқанда мас күйінде көлік басқармасы, «102» арнаға полицияға хабарласуларыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру