Жетісу облысында есірткіге қарсы 40-тан астам билборд орнатылды
Жетісу облысында есірткіге қарсы 40-тан астам билборд орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысында есірткі қылмысының алдын алу және оған қарсы күрес бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жергілікті атқарушы органдар полициямен бірлесе отырып, есірткіге қарсы билбордтарды орнатуға бастамашы болған.
Облыс орталығында, сондай-ақ облыстың ірі елді мекендерінде тиісті фотосуреттер мен ұрандары бар 40 есірткіге қарсы билборд орнатылған.
– Облыста есірткінің заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтауға бағытталған жұмыстармен қатар профилактикалық жұмыстар да күшейтілді. Акциялар, профилактикалық рейдтер, билбордтар орнату, нашақорлыққа қарсы тақырыпта буклеттер мен брошюралар тарату – халықтың сауаттылығын арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Біз ең алдымен жастардың назарын осы мәселеге аударуға тырысып жатырмыз, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы.
Жыл басынан бері өңірде есірткіге байланысты 127 құқық бұзушылық анықталды, 15 есірткі саудагері қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Заңсыз айналымнан 162 келіден астам түрлі есірткі тәркіленді, оның ішінде марихуана – 118 келі, гашиш – 7 келі, синтетикалық есірткілер – екі келі. Сонымен қатар 13 егіп-өсіру фактісі анықталды.