Жетісу облысының полицейлері іс-түссіз жоғалған үш жасөспірімді іздеп жатыр
Жетісу облысының полицейлері іс-түссіз жоғалған үш жасөспірімді іздеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысының полицейлері Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімді іздестіру жұмыстарын бастады. Облыстық департамент пен аудандық полиция қызметкерлерінің іздестіру топтары еліміздің үш өңірінде – Талдықорған, Алматы қаласы және Алматы облысында іздестіруді жалғастырып жатыр.
15 жастағы Ақерке Жолдасова 6 қыркүйекте жоғалып кетті. Болжам бойынша, мектеп оқушысы кәмелетке толмаған Амир Тергеуовтың жанында (16 жаста, 6 қыркүйекте жоғалып кетті) болуы мүмкін, оның туыстары да оны іздеуге көмектесу үшін полицияға арыз жазды.
Мұқан Кенжебек, 17 жаста. 8 қыркүйекте жоғалып кетті.
Кәмелетке толмағандардың орналасқан жері әлі анықталған жоқ. Іздестіру іс-шаралары Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының ерекше бақылауында
Хабар-ошарсыз кеткен адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда мына телефондарға: 8 /7282/ 608-008, 705-110-5557 немесе «102» нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз.