Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында «102» арнасына отбасылық-тұрмыстық мәселеге қатысты 360-тан астам арыз түскен

Павлодар облысында «102» арнасына отбасылық-тұрмыстық мәселеге қатысты 360-тан астам арыз түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға түзетулер енгізілген сәттен бастап Екібастұз қаласының «102» пультіне отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 360-тан астам арыз келіп түсті. Оның ішінде 223 факті бойынша жәбірленушілердің арызына әкімшілік істер қозғалды, онда тәртіп бұзушылар 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Есепті жылдың басынан бастап жәбірленушілерді қорғауға 691 қорғау ұйғарымы шығарылды, қорғау талаптарын бұзғаны үшін 71 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 27 тәртіп бұзушыларға 10 тәулікке дейін қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

37 жастағы ер адам үйінде мас күйінде, жанжал шығарып, 61 жастағы әкесіне дөрекі сөздер айтқан. Учаскелік полиция инспекторы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша материалдар жинады. Қалалық сот тәртіп бұзушыны 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды.

– Бұдан басқа, құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге қорғау ұйғарымы шығарылды, ұлына әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндірілді, онда 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген, – деп хабарлады Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Умаров.

Тағы бір жағдайда, 9 қыркүйекте сағат 23:00 шамасында, 30 жастағы ер адам өз пәтерінде, жұбайына жанжал шығарған.

Учаскелік полиция инспекторы ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша материалдар жинады, материал сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру