Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының студенттері полицейлермен бірге интернет-алаяқтықпен күресу акциясына қатысты

«Біз алаяқтыққа қарсымыз» ұранымен ABU студенттері полиция қызметкерлерімен бірге Абай ауданында интернет-алаяқтықпен күресу акциясына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Alikhan Bokeikhan University заң факультетінің «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттері тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық-насихаттау акциясына қатысты.

Жастар күдікті қоңыраулар кезіндегі іс-қимылдарды түсіндіретін брошюралар әзірледі.

Интернет-алаяқтықтарды ашуға маманданған жедел бөлімшенің қызметкері Әсет Егеубаев алаяқтар пайдаланатын ақша қаражатын ұрлаудың негізгі түрлері мен тәсілдері туралы нақты мысалдармен айтып берді.

Студенттерді қоғамдық тәртіпті қорғауға тарту студент жастар арасында ғана емес, жалпы қоғам арасында да құқық бұзушылықтың алдын алуға оң әсерін тигізеді. Бұл құқықтық және патриоттық тәрбиенің жарқын үлгісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру