Түркістан облысының полицейлері 30-дан астам мас жүргізушіні анықтады
Түркістан облысының полицейлері 30-дан астам мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Тәртіп сақшылары өңірде құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударды.
Мәселен полицейлер 5 тәулік ішінде 110 қылмысты «ізін суытпай» және бұрын жасалған 3 қылмысты ашып, іздеуде жүрген 5 адамды ұстады. Сондай-ақ 6787 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 494 ұсақ бұзақылық және 105 тыныштық бұзу фактілерін жойды. Яғни тәртіп сақшылары 1493 ауланы аралап, рейд барысында түнгі уақытта үйден тыс жерде заңды өкілінсіз жүрген 424 кәмелетке толмағандарды анықтады.
Полицейлер жол қауіпсіздігі саласы бойынша қарсы жолаққа шығудың 22 фактісін анықтады және мас күйінде көлік басқарған 33 жүргізуші анықтап, жауапқа тартты.
Түркістан облысының полицейлері атап өткендей, алдағы уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау және жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғаса беретін болады.