Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облыстық ҚАЖД мекемесінде өртке қарсы арнайы оқу-жаттығу жиыны өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №21 мекемесінде мекеме бастығы А.Б.Нурбековтың қатысуымен жеке құрам қызметкерлері арасында жоспарға сәйкес өртке қарсы «Ғимараттар мен құрылыстардағы өрттерді сөндіру» тақырыбында арнайы оқу-жаттығу жиыны өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқу-жаттығу жиынының басты мақсаты – өрттің алдын алу бойынша жеке құрам қызметкердерінің алғашқы іс-әрекеттері мен кезекші қарауылдың жауынгерлік әзірліктерін бақылау.

Арнайы жиында өрт сөндіру бөлімшелерімен өзара әрекетте іс-қимыл жүргізіп машықтану барысы басты назарға алынды. Сонымен қатар оқу-жаттығу соңында, мекемеде қызмет ететін барлық қызметкерлерге өрт қауіптілігі туындаған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керектігі туралы жеке құрам мен ерікті құрамның назарына жеткізілді.

Өрт тілсіз жау болғандықтан бұған бей-жай қарауға болмайды. Өрттің артында адам тағдыры тұрғандықтан, айтып келмейтін апаттардан сақтану, мекемеміздің күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі де бірегейі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру