ШҚО полицейлері тұрғынның жоғалған қызын іздеп тапты
ШҚО полицейлері тұрғынның жоғалған қызын іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 қарашада Өскемен қаласы ПБ Ертіс ПБ-нің кезекші бөліміне 39 жастағы қала тұрғыны келіп, 15 жастағы қызын іздеуге көмек сұраған. Анасының айтуынша, 3 қарашада қыз әкесіне кетіп, үйіне оралмаған.
Ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының қызметкерлері жоғалған қыздың орналасқан жерін анықтады. Осы уақыт бойы ол құрбысының үйінде болған.
Бойжеткен 3 қараша күні сағат 14:00 шамасында үйден шығып, бөлек тұратын әкесіне барып қайтатынын айтқан. Біраз уақыттан кейін ол әкесіне құрбысының үйіне түнейтінін айтып, сұранған, кейіннен телефонын өшіріп, байланысқа шықпаған. Үйге оралғысы келмеген.
– Орналасқан жері анықталғаннан кейін қыз бірден анасына барып, үйіне қайтарылды. Оның өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне ештеңе қауіп төндірмейді. Полицейлер онымен осындай фактілерге жол бермеу туралы әңгімелесті, – деп атап өтті Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.