Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты мекемеде “Қақпа алдында кездесу” жобасы өтті
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемеде “Қақпа алдында кездесу” жобасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №14 мекемесінде 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған Р. есімді азамат жаза мерзімін толық өтеп бостандыққа шыққан сәтте, оны қақпа алдынан туыстары күтіп алды.
Сонымен қатар ҚР ҚК-нің 296-бабымен 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған Р. есімді сотталған да ҚР ҚК-нің 72-бабы бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығып, оны да туыстары қақпа алдында қарсы алды.
Қылмыстық-атқару жүйесінде жүзеге асырылып жатқан “Қақпа алдындағы кездесу” әлеуметтік жобасы аясында мекеме қызметкерлері сотталғандардың денсаулық жағдайын, білім деңгейін, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жері болуын анықтап, еркіндікке шыққаннан кейінгі құқықтары мен міндеттерін түсіндірді және жұмысқа орналасуға қажетті құжаттардың тізімін берді. Сондай-ақ сотталғандардың бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге әлеуметтік-психологиялық бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында психолог, заңгер және медицина қызметкерлері кеңес берді.
– Бүгін мен жаза мерзімін толық өтеп, бостандыққа шыққалы отырмын. Темір қоршаудың ішінде өмір сүру маған оңай болған жоқ. Әрине, алғашында күйзеліске де түстім. Алайда мекеме қызметкерлері мені қамқорлыққа алып, бостандықтағы өмірге қайта даярлау жұмыстарын жүргізді. Сол үшін алғысымды білдіремін. Болашақта қателікке ұрынбай, дұрыс өмір сүруге тырысамын, – деді жазасын толық өтеп шыққан азамат.
Туыстарымен табысқан сотталғандар мекеме әкімдігіне алғысын айтты.