Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласының полицейлері Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

Алматы қаласының полицейлері Мемлекеттік рәміздер күнін хормен Әнұранды орындаумен және ант қабылдаумен атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. 1992 жылы маусымда тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді.

– Жергілікті полиция қызметінің арнайы батальонының қызметкерлері бұл мерекені таңертеңгі саптүзеу кезінде әнұран айту арқылы атап өтуді шешті. Біздің Департаменттің бөлімшелерінде жұмыс істейтін әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер осы есте қаларлық күнде салтанатты жағдайда ант қабылдады. Бұл іс-шара Мұражай қабырғасында өтті. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба және әнұранның туған күні ретінде мәңгі қалады. Қазақстан халқын маңызды мерекемен құттықтаймыз!, – деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру