Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада әйел құрбысының атына несиені жасырын ресімдеді

Ақмолада әйел құрбысының атына несиені жасырын ресімдеді – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 мамырда Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғыннан ағымдағы жылдың 23 сәуірінде танысы алдау жолымен оның атына “Манимен” МКҰ 75 мың теңге сомасына онлайн-кредит ресімдегені туралы өтініш келіп түсті.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер зардап шеккен адамның бұрынғы 25 жастағы құрбысын анықтады, ол өз кінәсін мойындады.

Күдіктінің бұған дейін зардап шегушінің келісімі бойынша бір млн. теңге сомасында ақшалай кредит ресімдегені, алайда ақшаны алғаннан кейін бұл кредитті төлемегені анықталды. Зардап шеккен адамның барлық құжаттарына қол жеткізе отырып, ол құрбысының атына тағы онлайн-қарыз ресімдеген. Интернеттегі несиеден зардап шеккен адамның шотына түскен ақшаны күдікті оған біреуден алған ақша түсетінін айтып сұрап алған.

Әйел уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру