Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас мотоцикл жүргізушісі ұсталды

Павлодар облысында мас мотоцикл жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар полицейлері жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 777 жүргізушіні ұстады.
Жоғарыда аталған құқық бұзушылық үшін 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру көзделген.

Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылық туындайды, ол үшін 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол көлемде түзеу жұмыстары не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5 АЕК-ке дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза көзделген, немесе белгілі бір лауазымдарды атқару, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

– Мысалы, 16 шілдеде патрульдік полиция қызметкерлері Аққулы ауданында Тақыр ауылының маңында патрульдеу кезінде мотоциклшіні тоқтатып, құжаттарын тексеру кезінде оның бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғанын анықтады. Сонымен қатар, жүргізушіден шығып тұиған алкогольдің өткір иісін медициналық тексерудің нәтижелері растады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру