“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілмек
Республика көлемінде “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бекітілген “Жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар өткізудің 2020 жылғы 3-тоқсанына арналған кестесінің” талаптарына сай, жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында, 2020 жылғы 22-24 қыркүйек аралығында Республика көлемінде “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның басты мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауы, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, сондай-ақ, заңсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын, техникалық жағдайы мен құрылысы жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен таксилерді пайдалануға тыйым салуға шаралар қабылдау болып табылады.