Қостанай полицейлері ережесіз жекпе жектен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды
Қостанайда JJFC-2 ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир өтті. Жарыс көшпелі халықтың қаһарманы Өтей батырға арналды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рингте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 30-ға жуық спортшы түрлі салмақ дәрежесінде өз бақтарын сынады. Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ұлттық құрама сапында Қостанай облысы ПД қызметкерлері де болды. Олардың арасында жедел қимылдайтын арнайы жасақтың жас қызметкерлері Жалғас Жұмағалиев пен Сәтбек Есенгелдин өз салмақ дәрежесінде бірінші орын алды.
Осылайша олар халықаралық жарыста ел намысын сәтті қорғады.
– Көптен бері күрестің сан түрімен, соның ішінде жекпе-жекпен айналысамын. Іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, елдік спортшылармен кездестім. Кездесу тартысқа толы болды. Өзімнің спорттық шеберлігімді пайдаланып, бірінші орынға ие болғаныма қуаныштымын, – деді Жалғас Жұмағалиев.
Айта кету керек, мұндай жарыстар алғаш рет өтті. Бірақ ұйымдастырушылардың айтуынша, болашақта бұл сайыстың өтуі дәстүрге айналмақ.