Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол ережесін бұзған тараздықтың көлігі айыптұраққа қойылды

Жамбылдық полицейлер күніне 50-ден астам әкімшілік бұзушылықты сыртқы бақылау камераларының көмегімен анықтайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының Полиция басқармасы жедел басқару орталығының сыртқы бақылау камераларымен Сейфуллин көшесінде “BMW” маркалы автокөлік жүргізушісінің жолдың қарсы жолағына шығып, бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтіп, жол қозғалысы ережелерін бұзған екі дерегі тіркелді. Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 5-бөлімі және 599-бабы 1-бөлімі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Бес жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 5-бөлігі (Жүргізушіге шолуды шектейтін заттарды орнату немесе көлік құралының жел және алдыңғы-бүйір әйнектеріне жабын/пленка салу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір жүргізушіге қатысты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде автомобиль әйнегіне жабындар немесе пленкалар салғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Тараз қаласының Сейфуллин көшесіндегі бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өткен “ВАЗ” маркалы автокөлік жүргізушісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 599-бабы 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына өту) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. “Автоураган” аппараттық-бағдарламалық кешенінің және сыртқы бақылау камераларының көмегімен Қонаев көшесінде көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар “Лада Ларгус” маркалы автокөлігінің қозғалысы анықталды.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 3-бөлігі (Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнату) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, ол он бес айлық есептік көрсеткіш (43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігі (Жалпы пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды тастау) бойынша тоғыз адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп бұзушылар бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру