Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“20 млн теңге несие әперемін”: Қазығұртта танысын алдап соққан ер адам анықталды

Қазығұртта 20 млн теңге несие әперемін деп танысын алдап соққан ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазығұрт ауданы полиция бөліміне алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданған. Ол азаматтың айтуынша, өзінің танысы 20 миллион теңге несие алып беремін деп алаяқтық жолмен 150 мың теңге ақшасын алған. Келісілген уақытта хабар келмеген соң, өзі сұрамақ болып қоңырау шалған. Алайда ол азаматтан ешқандай жауап болмаған соң, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінеді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. 

Орын алған алаяқтық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар жергілікті ер адам анықталды. Күдікті ер азамат жәбірленушінің сырттай танысы, бір ай ішінде 20 миллион теңге несие алып беретінін айтып сендірген. Осылайша күдікті пайдакүнемдік ниетпен алынған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жібергені белгілі болды. Сонымен қатар сезіктінің бұдан басқа 5 алаяқтық жайтына қатысы бары расталды. Қазіргі таңда ер азаматқа қатысты тергеу амалдары жүруде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру